Warren-Morisson клапандары

Warren-Morrison Valves Ltd компаниясы 1991 жылы Ұлыбританияда құрылған және өнеркәсіптік мембраналық және қыспалық клапандарды 55 жылдан аса өндіріп келеді. 

Warren-Morrison маркасының өнімі бүкіл дүние жүзінде танылған. Тамаша инженерлік сиапттамалар, үнемділік, сенімділік және, бірінші кезекте беріктігі, одан әрі дамуға ұдайы ұмтылу - осының барлығы компанияның нарықтағы алдыңғы орында болуына көмектеседі және оны өнеркәсіптік клапандар өндірушілері мен жеткізушілері арасында ерекшелендіріп тұрады.  



Өнеркәсіптік клапандардың стандартты жиынтығына бірнеше қосымша конфигурациялар: 

түрлі-түсті кодтауы және түрлі қорғаныс жабыны бар, заманауи кәсіпорындардың талаптарына пркатикалық, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан сәйкес келетін клапандар жиынтықтары;

ысырмалар, позиционерлер, электр-магнитті клапандар, акрил резеңкеден жасалған реттегіштер, механикалық, электрлік және магниттілерін қоса алғанда, шекті күйлер мен ысырманың ашылу дәрежесінің индикаторларымен бірге жеткізілетін толық инсталляциялық пакеттер;

корпусты түрлендіру және конструкцияларды тапсырыс берушілердің нақты қажеттіліктері үшін әзірлеу; 

тікелей әрекет ету мембраналық пневмоклапандары және қолсаптық сервожетегі бар гидрантты клапандар; 

құбырлардың барлық стандарттары үшін жарайтын, тапсырыс бойынша орындалатын ернемекті қосылыстар;  

сыналған және сенімді "S" типті өрт сөндіргіш гидранттарға арналған клапандар; 

электр-магнитті клапандарды әзірлеу;

пневматикалық клапандарды әзірлеу.

Additional information