Comex құйын тәрізді диірмендер

Comex құйын тәрізді диірмен Норвегиялық ғылыми-ехникалық университеттің, Норвегия (SINTEF/NTNU) жанындағы Ғылыми-өндірістік зерттеулер қорының зертханасында әзірленген. Құрастырма негізіне жоғары тиімді ұсатудың түйіршіктердің гранулометриялық құрамын бақылау мүмкіндігімен үйлесу қойылған. Нәтижесінде, бұл типті диірмендер құйын тәрізді ұсатудың баламалық қондырғыларын пайдалану мүмкін емес салаларда өнеркәсіптік мақсатта қолданылады. 



Бүгінгі нарықтағы баламалы жабдықпен салыстырғанда Comex құйын тәрізді диірмендердің ерекше артықшылықтары бірегей конструкциясы мен жоғары нәтижелі ішіне орнатылған пневомклассификаторында. ең маңызды артықшылықтарының арасында келесілерін атап кету керек: 

  • түйіршіктердің жоғары тиімді соққылануын қамтамасыз ететін форсункаларды өте дәл реттеу; 
  • ұсату камерасына орнатылған, фракциялардың аса жұқа бөлінуін қамтамасыз ететін жоғары нәтижелі жіктеуші; 
  • басқа типті құйын тәрізді диірмендермен салыстырғанда энергия шығынының төмен болуы; 
  • D97=2 микронға дейін ірілкті алу;
  • түпкілікті өнімнің гранулометриялық құрамын түзету мүмкіндігі; 
  • шағын конфигурация;
  • қарау люгы арқылы роторды қарау және демонтаждау жеңілдігі; 
  • ротордың күрекшелерін жылдам ауыстыру мүмкіндігі; 
  • бүкіл қондырғыға қызмет көрсетудің төмен құны.

Comex құйын тәрізді диірмендерді пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

  • ұсатылған материалдың жақсы диспергирленуі, бұл күрделі реологиялық сипаттары бар жүктелетін материалды өңдеуге мүмкіндік береді; 
  • түйіршіктердің қабаттануының күштілігі, бұл талап етіетін  геометриялық өлшемдердің арақатынасын сақтау кезінде үлпек тәрізді материалдарды өндіруге мүмкіндік береді;  
  • төмен ұсату коффициенті бар процестерде қолдану; 
  • тазалығы жоғары ұсату;
  • темірсіз өңдеу;
  • әдететгідей, диірмен бөлшектерінің тозуының төмен қарқындылығы; 
  • шуыл шығарудың төмен деңгейі.

 

 

 

Additional information